16 Мамыр 2022
Страницы ГККП «Дошкольная организация» «Байтерек» ГУ «Отдел образования Айтекебийского района Управления образования Актюбинской области»

Басшылык бөлім

Елеусинова Акбалдак Алкуанышкызы.

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау бойынша коммиссиясының 2022 жылғы 15 ақпандағы № 2 хаттама негізінде,Әйтекек би аудандық білім бөлімінің басшысының 21 ақпан күнгі №12 бұйрығымен Елеусинова Акбалдак Алкуанышкызы «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек» мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

ОЛ 1977 жылдың 26 қаңтарында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылында дүниеге келген. Ұлтты қазақ. Білімі жоғары.

1993-1996 жылдар аралығында Ақтөбе мәдениет колледжінің толық курсын «Мәдени демалыс қызметі» мамандығы бойынша бітірген

2010-2013 жылдар аралығында Ақтөбе гуманитарлық техникалық колледжінің толық курсын «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша бітірген.

2018-2021 жылдар аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша жоғарғы білім алып, БАКАЛАВР дәрежесін алған.

Педогогикалық еңбек өтілі : 13жыл.

Еңбек жолы:1996-1998 жылдар аралығында «Целинник»  мәдениет үйінде әдіскер;

2002-2010 жылдар аралығында Талдысай селолық клубында меңгеруші:

2010-2021 жылдар аралығында Талдысай орта мектебінің үйірме жетекшісі, шағын «Достық» орталығының тәрбиешісі, Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі;

2021-2022 жылдар аралығында М. Жұмабаев атындағы ЖББОМ-нің «Жауқазын» шағын орталығының тәрбиешісі қызметін атқарған.